387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында оқушысы сабақ үстінде қаза тапқан мұғалім тергеліп жатыр

  • 248
  • UPD: 23:23, 06.09.2019

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Жаңабазар елді мекенінде мектеп оқушысы сабақ үстінде көз жұмды. М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 8-сыныбында оқитын Алихан Махатайдың үстіне спорт залдағы кіші футбол ойынының қақпасы құлап кеткен.

Қазір бұл іс бойынша аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Ал дәрігерлер баланың ішкі ағзалары қатты езіліп, көп қан жоғалтқандығын айтады. Әріптесім Нұрбек Байбосын баяндайды.

Алихан Талғатұлы дәл осы спорт алаңында көз жұмған. Оқиға сағат 9/30-10 дар шамасында яғни екінші сабақта орын алды дейді денешынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрғали Жақсылық. Оның айтуынша ол  ұлдар мен бірге спорт залда кіші футболды бірге ойнап жатқан. Ал Алихан осы қақпаны күзетіп тұрған болатын. Кенет оқушылармен қатты дауыс шыққан бетке қараса қақпа баланы басып қалыпты. Алиханды қақпа астынан алып шығып алғашқы көмекті көрсеттік дейді ұстазы. 

Нұрғали Жақсылық, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі:

- Махатай Алихан қақпада тұрған еді.Сол кезде қақпа құлап жатқанда біз жүгіріп үлгере алмай қалдық. Барғанымызша денесіне түсті қақпа. Содан оқушылармен жабылып баланы тұрғызып шетке отырғыздық та алғашқы көмек жәрдем көрсетттік. Содан медбикені шақырдым. Ол кезде баланың жағдайы жақсы еді. Арада 15 мин өткеннен кейін баланың жағдайы кері кетіп жатқан соң скорыйға звондадық. 

Алиханды жедел-жәрдем аудандағы орталық ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер Науқас бізге келгенде жағдайы өте ауыр болатын дейді . Жансақтау бөліміне түскен бала операция кезінде  жан тапсырған. Дәрігерлер оның көп қан жоғалтқандығын айтады. 

Наушарман Боранбаева, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Түскен кезде балада тупая трамва живота болды. Значит жабық жарақат ішкі оргондардың. Операция кезінде анықталғаны баланың ішкі оргондарының барлығы езіліп кеткен. Баланы алып қалу мүмкіндігі жоқ бұл жерде.  

Ал Алиханның сыныптастары кеше көз алдарында болған оқиғадан әлі де ес жия алмай отыр. Ойда жоқта сұм ажалдың тырнағына ілінген жасөспірімнің достары оның өте момын бала болғандығын айтады. Ол жанұяда бес перзенттің ең кенжесі болатын дейді туыстары. Қара жамылған отбасы кінәлілер анықталып, әділ әрі заңды жазалансын дейді.

Әбутәліп Махатай, А.Махатайдың немере ағасы:

- Жазымның түрі көп қой. Бұл жерде қауіпсіздік жағдайлары есепке алынбаған. Басқа балдарға да қауіп төндіруі мүмкін. Ол қақпа деген сәл артқа шалқая істелінуі керек қой негізі. Ал бұл жерде ол есептелмеген. Өзіне тиісті заңды жазасын алсын. Біз оларға баланы тірілтіп берсін демейміз. Ол ешкімнің қолынан келмейді. Әділ шешім шығарсын бұл жерде. 

Бұл білім ұясы жуырда қолданысқа беріліпті. 816 милилоннан астам теңгеге соғылған 300 орындық мектепте қазір 400 ден аса оқушы бар. Ал спорт залдағы футбол қақпасы осылай үнемі теңселіп тұрады дейді мұғалімдер. Мектептің құрылысы мен ішіндегі жиһазын мердігерден қабылдап алған аудандық құрылыс бөлімі басшылығының айтуынша, орын алған жағдайға қақпаны дайындаған өнім шығарушы жауап беруі тиіс. 

Төрехан Төкенов, Қазығұрт аудандық құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары:

- Сапасы уже барлық пройзводителдің өзінің сертификаты беріледі ғой. Сол сертификатына сәйкес кепілдігін береді ол. Ал сапасына жауапты ол өнім беруші.   

Аудандық полиция бөлімі осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қазір тергеп-тексеру амалдары жүзеге асуда. 

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- Бұл жайт Қазығұрт аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп тексеруі тізіміне тіркелді. Қазіргі таңда мектеп мұғаліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында болған оқиғаның мән-жайы толығымен анықталады. 

Мектепте орын алған жағдай ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жеке бақылауына алынған. Ал оқыс оқиғаға қатысты кінәлілерді ішкі істер органдары анықтайтын болады.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов

Хабар 24 телеарнасы