386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда есірткіні Еуропадан тапсырыспен алдыртқан адам ұсталды

  • 153
  • UPD: 23:24, 06.09.2019

Алматыда Еуропадан келген аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасы тәркіленді. Жедел іздестіру шаралары барысында «Қазпоштаның» Алматыдағы бір бөлімшесіне келген сәлем-сауқат күдік тудырған.

Тексеру кезінде алматылық азаматтың мекен-жайына келген  жолдаманың ішінен «экстези» деп аталатын психотропты 500 дәрі табылған. Германиядан келген бұл сәлемдеменің иесі, сол жерде ұсталды. Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің өкілдері «есірткіні пошта арқылы жіберу біздің тәжірбиемізде алғаш кездесіп отыр» дейді. Күдіктінің қылмысы дәлелденсе, ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мырзахан Жақсылық, қала бойынша экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі:

- Аталған азаматқа қатысты ҚР 286 бабы, 4 тармағы  бойынша, яғни аса ірі көлемдегі мынау есірткі затын контрабандамен өткізу бабы бойынша  іс қозғалып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Және бұл азаматты санкциямен екі айға дейін бас бостандығынан шектеу қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы