387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында жеті қап марихуана сақтаған екі әйел ұсталды

  • 169
  • UPD: 22:16, 06.09.2019
Маңғыстау облысында жеті қап марихуана сақтаған екі әйел ұсталды

Маңғыстау облысында жеті қап марихуананы жасырын қоймада сақтаған екі әйел ұсталды.

Ірі көлемдегі нашаны 5 қыркүйек күні есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері Атамекен ауылдық округінде тәркіледі. Қолға түскен күдіктілер бұрын сотталғандар. Олар тұрған баспана ауласы қызметтік итпен тексерілген. Нәтижесінде салмағы 90 келіге жуық марихуана табылып тәркіленген. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақыт сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы