385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада автомобиль аударылып қалды

  • 194
  • UPD: 12:42, 07.09.2019
KAZINFORM

Елордада үш жеңіл көлік соқтығысқан жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Лексус RX 350» маркалы автокөлік жүргізушісі Мәңгілік Ел даңғылындағы №37 үйдің ауласынан шығып келе жатып, жол қауіпсіздігіне көз жеткізбестен Мәңгілік Ел даңғылымен Керей Жәнібек хандар көшесі жағынан Ұлы Дала көшесіне қарай бет алған «Тойота» маркалы көлікпен соқтығысты», - делінген хабарламада. Соқтығыстан кейін, «Тойота» маркалы көлік инерция бойынша сол бағытпен келе жатқан тағы бір «Тойота» маркалы көлігімен соқтығысып, аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан аударылып қалған «Тойота» маркалы көліктің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы