386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда жеке клиниканың басшысы алаяқтығы үшін қамауға алынды

  • 190
  • UPD: 19:05, 07.09.2019
Атырауда жеке клиниканың басшысы алаяқтығы үшін қамауға алынды inform.kz

Атыраудағы «EcoClinic» емханасының басшысы қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қала тұрғындарынан келіп түскен көптеген арыз-шағымнан кейін облыстық полиция департаменті «EcoClinic» ЖШС басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғады. Олар косметологиялық қызмет көрсету кезінде алаяқтық жасады деген күдікке ілініп отыр. Қазіргі таңда 242 жәбірленуші арызданған. 2019 жылдың 5 сәуірінде облыс прокуратурасы ҚР ҚК 190-бабы, 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеуді бастады. 5 қыркүйекте облыс прокурорының бұйрығымен 1993 жылы туған күдікті уақытша тергеу абақтысына қамалды», - деп мәлім етті Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Қанат Қабдолов.

Таяу арада күдікті сот алдында жауап береді.

Хабар 24 телеарнасы