387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Тойота» көлігі келіншек пен баласын қағып кетті

  • 148
Елордада «Тойота» көлігі келіншек пен баласын қағып кетті ТоболИнфо

Нұр-Сұлтанда «Тойото» көлігінің жүргізушісі кішкентай баланы қағып өлтірді. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, оқиға Абай даңғылының бойында орын алған. Бейсекбаев көшесі жақтан Брусиловский көшесіне қарай бет алған «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі жолақ ауыстыру кезінде тізгінге ие бола алмай, шамамен 3-4 жастағы баласы бар әйелді қағып, жер үйдің үйдің қоршауына соғылған. Апат салдарынан бала оқиға орнында көз жұмса, әйел ауыр халде ауруханаға жеткізілген. «Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген департаменттің дерегінде.

Хабар 24 телеарнасы