387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте тапсырыспен кісі өлтірген күдікті ұсталды

  • 113
Шымкентте тапсырыспен кісі өлтірген күдікті ұсталды vladtime.ru

Түркістан облысының тұрғыны қалалық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қолға түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, биыл 19 шілдеде кәсіпкерді өз үйінің маңында өлтіріп кеткен болатын. Тергеу барысында аталған қылмыс серіктесінің тапсырысымен жасалғаны анықталған. Яғни,  тапсырыс беруші ортақ фирманың бюджетінен ірі мөлшердегі ақшаны өз пайдасына жаратқан.  Ұсталған сезікті осы қылмысты жасаған деп күдіктелуде.

«Сот санкциясымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.  Қылмысқа тапсырыс беруші ағымдағы жылдың 25 шілдесінде ұсталып, кінәсін толық мойындаған болатын.  Бүгінгі таңда ол да қамау абақтысында жатыр. Қазір осы қылмыс бойынша тергеу амалдары жалғасуда» – делінген хабарламада.  

Хабар 24 телеарнасы