386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арқалықта қызға қатысты зорлық дерегі бойынша тергеу тоқтатылды

  • 127
  • UPD: 21:05, 09.09.2019

Арқалық қаласында зорланған қыздың ісі бойынша ешбір күдікті анықталған жоқ. Генетикалық сараптама кезінде жәбірленуші нұсқаған 14 адамның арасында баланың биологиялық әкесі жоқ болып шықты.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр 22 жастағы қыз 8 ай бұрын зорланғанын айтып шағымданған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жәбірленуші көрсеткен күдіктілердің барлығына қатысты сот-генетикалық сараптамалар тағайындалады. Алайда ол теріс нәтиже көрсеткен. Тәртіп сақшылары оларды тұтқындауға заңды негіз жоқ деп, тергеу амалдарын  тоқтатып отыр. 

Қанағат Шәуенов, облыстық ПД басқарма бастығының орынбасары:

- Қылмыстық іс бойынша құқық бұзушылық жасаған адамның анықталмауына байланысты тоқтатылды. Ол шығарылған шешімнің заңдылығын тексеру үшін Қостанай облыстық прокуратурасына жолданды. Қазір күдіктілерді ұстап қамауға заңды негіз жоқ.

Хабар 24 телеарнасы