385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда толассыз жауынға байланысты тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды

  • 168
  • UPD: 22:29, 09.09.2019
Алматыда толассыз жауынға байланысты тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды

Алматы әкімдігі жауын салдарын жою бағытында қандай шаралар қолға алынып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы жасыл экономика басқармасының мәліметіне сәйкес, қаладағы жауын-шашын кезінде тасқыннан ескерту және оның салдарын жою мақсатында 9 қыркүйекте аудан әкімдіктерінің, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен құтқару қызметінің тәулік бойғы кезекшілігі жолға қойылды. Кедергісіз өту және суды сору жұмысын ұйымдастыруға 192 адам, 81 арнайы техника мен 22 мотопомпадан тұратын бригада жұмылдырылған.

«Толассыз нөсердің салдарынан арықтарды бұтақтар мен қоқыстар бітеп тастап жатыр. Осының кеселінен жеке аумақтарда су жайылуда»- делінген әкімдіктің хабарламасында. Қазіргі уақытта арық арналарын тазарту жұмыстары жүргізілуде. 3 аумақта су жайылу қаупі сейілген. Атап айтқанда, Бостандық ауданында Өтепов пен Розыбакиев көшесінің бұрышындағы көпқабатты тұрғын үйді су алу қаупі алдын алынды. Радостовец көшесінің бойындағы арық жүйесі тазартылды.

Тасқынның салдарын жою жұмысына 7 арнайы техника, 7 жұмысшы мен 50 құм толтырылған қап тартылды. Әуезов ауданында жұмысқа 2 арнайы техника мен 8 жұмысшы жұмылдырылды. Жандосов көшесі су алу жағдайының алды алынды. Сондай-ақ, әкімдік су тасқыны туындаған жағдайда аудандар бойынша төмендегі жауапты азаматтарға хабарласуға кеңес берді:

Алатау — Нұрәбілов Т. 8-702-460-6104

Алмалы — Төлеген А. 8-775-190-1942

Әуезов — Сұлтанов Д. 8-701-671-6600

Бостандық — Оразымбетов Н. 8-701-666-5648

Жетісу — Әбдіқадыров А.8-707-314-8889

Медеу — Күребай Е. 8-771- 469-8101

Наурызбай — Қыдырбаев О.  8-747-159-5043

Түрксіб – Баясыл С. 8-707-322 5004

Хабар 24 телеарнасы