388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда ЖОО ректоры пара берді деген күдікке ілінді

  • 487
  • UPD: 11:32, 10.09.2019
<span class=favorites>Қарағандыда ЖОО ректоры пара берді деген күдікке ілінді</span> Астана Ақшамы

Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры пара берді деген күдікке ілініп отыр.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасына ғылыми жобаларды қаржыландыру мәселесін оң шешуі үшін 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара берді деген күдікке ілінді.

Сонымен қатар бұрын хабарланғандай, «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасының пара алғаны бойынша тергеу жалғасуда.

Күдіктілерге қатысты соңғы үкімді олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.

Хабар 24 телеарнасы