387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда 2 жасар бүлдіршін алтыншы қабаттан құлап кетті

  • 105
  • UPD: 19:02, 10.09.2019
Атырауда 2 жасар бүлдіршін алтыншы қабаттан құлап кетті

Атырауда кішкентай бала алтыншы қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оқыс оқиға Привокзальный шағын ауданындағы 9 қабатты тұрғын үйде болды. Алтыншы қабаттағы пәтерде үлкендердің қарауынсыз қалған екі жасар бала терезеден құлап кеткен. Көп жарақат алған бала облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді», - деп мәлімдеді Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері Атырауда осындай жағдай осымен үшінші рет болып отыр. Бір бала қаза тапқан.

Хабар 24 телеарнасы