386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 12 қап есірткі тасымалдаған ер адам ұсталды

  • 104
  • UPD: 17:27, 11.09.2019
Жамбыл облысында 12 қап есірткі тасымалдаған ер адам ұсталды inform.kz

Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі тасмалдаушы ұсталды.

Полицейлер күдіктіні Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел тас жолында қолға түсірді. 40 жастағы азаматтың көлігін тексеру кезінде 12 қап кептірілген марихуана табылды. Салмағы 3 центнерге жуықтайды. Тергеу кезінде ол есірткіні Шу қаласына алып бара жатқандығын айтқан. Ұсталған адам бұрын істі болмаған. Қазір аталған дерекке қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Айта кету керек, жыл басынан бері өңірде есірткіге қатысты 613 қылмыстық дерек тіркелген. Заңсыз айналымнан 2 тоннадан астам есірткі заттары шығарылды.

 Гүлсара Мұхтарқұлова, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Егер ұсталған азаматтың кінәсі толық дәлелденсе ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Және мүлкі толықтай тәркіленеді.

Хабар 24 телеарнасы