386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында бірқатар шенеунік пара алды деген күдікке ілінді  

  • 151
  • UPD: 15:30, 11.09.2019

Шенеуніктерді ұстау сәтінің видеосын желіде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жариялады, деп хабарлайды otyrar.kz

«Түркістан облысында бір тәулік ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу фактілері бойынша бірқатар қорғаныс ведомстволары мен білім беру ұйымдарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады», — делінген министрлік хабарламасында.

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің Отырар ауданындағы басшысы ұсталды.

Ол азамат Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етуді кейінге қалдырғаны үшін 80 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Жетісай ауданының №15 колледжінің директоры еңбек шартын ұзарту үшін бағыныштылардан 250 мың теңге сұраған. Тазалаушы ретінде жұмысқа орналасу үшін 150 мың теңге Мақтаарал ауданындағы Бірлік атындағы №34 орта мектептің директорына берілген.

Сотқа дейінгі тергеулер жалғасуда.

Пара алғандардың кінәсінің деңгейін сот анықтайды.

Хабар 24 телеарнасы