385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бюджет қаржысын жымқырған «Сайрам – Өгем» ұлттық паркінің басшысы сотталды

  • 87
  • UPD: 11:54, 12.09.2019
Бюджет қаржысын жымқырған «Сайрам – Өгем» ұлттық паркінің басшысы сотталды obk.kz

Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РМК бас директоры К.У.Керімбековке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.

Керімбеков алаяқтық жасап, өзі бағынатын ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің лауазымды тұлғаларына беремін деп орынбасарларынан 764 мың теңге жинап алды деген күдікке іліккен.

 Бұдан бөлек, лауазымын теріс пайдалана отырып, бюджет қаражатын жымқырды деген күдік те болған. МҰТП басшысы Түркістан облысының Төле би ауданындағы Қазақстан ауылында 564 мың теңгеге жоңышқаны орып, тасымалдау жұмыстарының актісіне қол қою арқылы бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған. 

11 қыркүйек күні Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Керімбековке 7 640 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Бұдан бөлек, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

Хабар 24 телеарнасы