386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында мектеп оқушылары мен ұстаздар белгісіз газдан уланып қалды

  • 116
  • UPD: 22:25, 13.09.2019
Түркістан облысында мектеп оқушылары мен ұстаздар белгісіз газдан уланып қалды inform.kz

Леңгір қаласында оқушылар мен мұғалімдер белгісіз газ балоннан жаппай уланып, ауруханаға түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

№7 мектептің 10-сыныбында оқитын қыз бала көшеден белгісіз құты тауып алып, оны өзі оқитын білім ордасына алып келген. Сөйтіп, үзіліс кезінде оны әтір екен деп үстіне шашады. Жағымсыз иіс лезде мектептің тұтас бір бөлігіне жайылған. Сол уақытта бірінші ауысымда 711 бала оқып жатқан. Басы айналып, жүрегі айныған 7, 8 және 10-сыныптың оқушылары. Нәтижесінде 34 адам ауруханаға түсті. Оның 30-ы оқушы, қалғаны ерсектер. Арасында мұғалімдер мен мектеп жұмысшылары бар. Алғашқы медициналық көмек көрсетіліп бірсыпысары үйіне қайтқан. Қазір қалалық ауруханада 11 оқушы жатыр. Енді бұл іспен полиция айналысып жатыр.

Шындос Әбдіхалықов, Леңгір қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Оларға симпоматиялық ем қолданып жатыр. Тағы қайталып айтамын, олардың жағдайлары қанағаттаралық. Бүгінгі таңда қарап шықтық. Шағымданушы жоқ

Хабар 24 телеарнасы