389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтау-Жаңаөзен жолында апатқа ұшыраған 12 адам ауруханаға жатқызылды

  • 326
  • UPD: 17:51, 12.09.2019
Ақтау-Жаңаөзен жолында апатқа ұшыраған 12 адам ауруханаға жатқызылды

Ақтау-Жаңаөзен тас жолында апатқа ұшыраған 12 адам облыстық ауруханаға жеткізілді. 4 жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.

Ал қалғаны жарақаты ауыр болғандықтан емханаға жатқызылды.  Жансақтау бөліміндегі 64 жастағы әйелдің жағдайы ауыр, дейді дәрігерлер.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Жаңаөзен қаласынан Ақтауға бағыт алған шағын автобус аударылып, ішіндегі барлық жолаушы зардап шеккен болатын. Куәгерлердің айтуынша, Газел шағын автобусына қапталдаса келе жатқан жеңіл көлік соғылған.  Қатты соққыдан жолаушылар көлігі аударылып, күл талқаны шыққан.

Сағат Бітімов, облыстық аурухана хирургия орталығының жетекшісі:

- Реанимация бөлімшесіндегі науқастың жағдайы қазіргі таңда қатаң, тұрақты. Керекті көмекті барынша алып жатыр. Дәрігерлер, травмотологтар қарады. Хирургтардың жіті бақылауында, бас ми жарақаты, кеуде қуыс жарақаттары бар. Миы шайқалуы, кеуде клеткасының жарақаты, қабырғаларының сынығы бар.

Хабар 24 телеарнасы