387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Базарға ет өнімдерін әкелушілер мал дәрігерлеріне тұрақты түрде пара берген

  • 145
  • UPD: 20:42, 12.09.2019

Ақмола облысында жасанды ветеринарлық анықтама таратқан 2 күдікті қолға түсті. Олар ет өнімдерін базарларға өткізу үшін шаруалардан үлкен көлемде пара алып келген.

Қазір күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Одан бөлек 15 адамның осы қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызметкерлері рұқсатсыз сатылымға шыққан еттерден Сібір жарасы анықталғанын айтады. Сорақысы сол, қауіпті дертке бірнеше тұрғын шалдығып та үлгірген.          

Арман Бердалин, Ақмола облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:

- Аталған тұлғаларға 2019 жылдың тамыз-қыркүйек айларында ет өнімдерін жеткізушілерден жүйелі түрде заңсыз материалдық сыйақы алып тұрған. Өткізілген жұмыс нәтижесінде коммуналдық базарға ет өнімдерін жеткізетін азаматтар мал дәрігерлеріне әрбір бас үшін 3-5 мың теңге көлемінде пара беретіні анықталды. Нәтижесінде оларға еттің қандай да бір ауруға шалдықпағаны жөнінде анықтамалар беріліп отырған.

Ветеринарлық салада жемқорлық деректері жиілеп кеткен. Айталық былтыр республика бойынша осындай 92 дерек тіркелсе, биыл олардың саны 140-қа таяпты. Қолға түскен 33-ге күдіктіге қатысты сот шешімі шықты. Қалғаны тергеліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы