387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қабырғалы қаламгер, ғалым, ардагер журналист Әбілфайыз Ыдырысов дүниеден өтті

  • 157
  • UPD: 11:07, 13.09.2019
Қабырғалы қаламгер, ғалым, ардагер журналист Әбілфайыз Ыдырысов дүниеден өтті

Қазақ журналистикасының қара нары, жазушы, қоғам қайраткері, Әбілфайыз Ыдырысов 89 жасында дүние салды.

Әбілфайыз Ыдырысов 1930 жылы 23 ақпанында Қостанай облысының Амангелді ауданына қарасты Егіндісай ауылында туған.

Жазушы, журналист, педагог, тарих ғылымдарының кандидаты.

«Сөз қадірін өз қадірім» деп білген абыз 800-ден астам публицистикалық мақала, очерктер, оқулықтар, «Қазақ журналистикасының тарихы», «Очерк журналистика жанры ретінде», «Баспа өнімдерін әсемдеу», тағы басқа да пәндер бойынша әдістемелік құралдар дайындаған.

Ұзақ жыл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да еңбек етіп, талай ақмылтық журналисті қатарға қосқан ұлағатты ұстаз.

Әсіресе, оның «Таңшолпан» деректі романын оқырман қауым ерекше бағалайды.

Хабар 24 телеарнасы