387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде жеңіл автокөлік жолаушылар автобусына соқтығысты

  • 151
Өскеменде жеңіл автокөлік жолаушылар автобусына соқтығысты tengrinews.kz

Өскеменде жеңіл автокөлік жолаушылар автобусына соқтығысты, деп хабарлайды тенгри ньюс YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға кеше 15:00 шамасында Өскемендегі №44 мектептің жанында болған. 

Toyota Camry көлігін тізгіндеген, 1990 жылы туған жүргізуші әйел Өтепов көшесімен келе жатып, солға бұрылатын кезде қарсы бетте келе жатқан №262 микроавтобусқа жол бермеген. Апаттан автобус жолаушыларынан ешкім зардап шеккен жоқ. Ал Toyota Camry жүргізушісі мен жолаушылары медициналық көмекке жүгінген.  Жол-көлік оқиғасынан кейін жеңіл автокөліктің жүргізушісіне 610-бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 

Хабар 24 телеарнасы