389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

  • 209
  • UPD: 12:36, 13.09.2019

ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті этностық қылмыстық топтың құқыққа қарсы іс-әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Елорда Инфо ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар орта бизнес өкілдерінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қатері арқылы ақша қаражаттарын жүйелі түрде бопсалаумен айналысқан.

«Елордада арнайы операция өткізіліп, аталған қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері кәсіпкерден жалған қарызын қайтару үшін «Toyota» маркалы автокөлігін қорқытып алу кезінде ұсталған», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Фигуранттарды ұстау барысында 11 оқдәрісі бар «Макаров» тапаншасы және 5 оқдәрісі бар травматикалық тапанша табылды.

Ұсталғандар Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы