386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жеңіл көлік аялдамада тұрған адамдарды басып кетті

  • 162
  • UPD: 12:42, 13.09.2019
Шымкентте жеңіл көлік аялдамада тұрған адамдарды басып кетті otyrar.kz

Оқиға қала іргесіндегі «Тұран» шағынауданында кеше түскі уақытта болған, деп хабарлайды otyrar.kz

Бұрылыста жүргізушісі тізгініне ие бола алмаған «Волга» автокөлігі аялдамаға кеп соғысқан. Салдарынан бір отбасының үш мүшесі ауыр жарақат алды.

Қазір олар ауруханананың жан сақтау бөлімінде жатыр.

«Тұран» шағынауданының тұрғындарының айтуынша жөнделмеген жолдың кесірінен бұл маңда жол апаттары жиі болып тұрады екен.

Хабар 24 телеарнасы