389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында «Қазпошта» ғимараты өртенді

  • 170
  • UPD: 12:19, 15.09.2019
Алматы облысында «Қазпошта» ғимараты өртенді

Алматы облысы Алакөл ауданы Ақжар ауылында «Қазпошта» ғимараты өртенді.

«Өртке қарсы қызмет пультіне Алматы облысы Алакөл ауданы Ақжар ауылындағы Қазпошта ғимаратында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер келген кезде ғимараттың қабырғасы мен төбесі өртке оранған болатын. Өрт сөндіруші мамандар дереу іске көшіп, сағат 07:00-де 21 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді», - дейді ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы