389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық іздеуде жүрген өзбекстандық азамат Нұр-Сұлтанда қолға түсті

  • 215
  • UPD: 13:34, 15.09.2019
Халықаралық іздеуде жүрген өзбекстандық азамат Нұр-Сұлтанда қолға түсті news.rambler.ru

Халықаралық іздеуде жүрген өзбекстандық азамат Нұр-Сұлтанда қолға түсті.

Елорда полицейлері «Заңсыз келуші-Арна-Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасының нәтижелерін шығарды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ІІМ ресми сайтына сілтеме жасап.

«Іс-шара 9 қыркүйектен бастап өткізілді және көші-қон заңнамасын бұзуды анықтауға, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге, тиісті рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметін жүзеге асырушы көшіп-қонушыларды тексеруге, іздеуде жүрген адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталды», - делінген департаменттің ақпаратында.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 32 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Анықталғандай, осы жылдың сәуір айынан бастап ер адам Санкт-Петербург қаласының аумағында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін іздестірілуде жүрген. Сонымен қатар операция барысында полицейлер сот шешімін орындамағаны үшін 23 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол қаңтар айында Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі жауаптылыққа тартылған. Алайда бүгінгі күнге дейін ол сот шешімін орындамаған.

«Заңсыз келуші-Арна-Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы барысында барлығы 900-ден аса көші-қон саласындағы әкімшілік заңнаманы бұзушылық анықталды. Оның ішінде 900-ге жуық шетелдік азамат республикада болу қағидасын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 200 шетелдік азаматқа қатысты ҚР аумағында болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылданған.

Хабар 24 телеарнасы