389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда бір тәулікте 93 бала жоғалып табылды

  • 225
  • UPD: 17:33, 15.09.2019
Атырауда бір тәулікте 93 бала жоғалып табылды

Атырауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығын кең көлемде мерекелеу күндері полицияның стационарлық пунктіне өз балаларынан көз жазып қалып, жоғалтып алған ондаған ата-ана жүгінді.

Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаменті басапасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz хабарлайды.

Жаппай мәдени шара негізінен Исатай-Махамбет алаңында өтті. Сол жердің өзінде бір тәулікте 93 бала жоғалып кеткен. Бақытына орай, олардың барлығы табылып, ата-аналарымен қайта қауышты. 

Баспасөз қызметі мәліметінше, шілде айында ҚР ІІМ деректер базасына қол жеткізе алатын, кез келген оқиғаға жедел әрекет етуге толық мүмкіндік беретін, заманауи жабдықтармен, картамен жабдықталған стационарлық полиция пункті ашылды.

Хабар 24 телеарнасы