389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пойыз бен автобус соқтығысқан жерде тәжірибелі тергеу тобы жұмыс істеуде – ҚР ІІМ

  • 339
  • UPD: 10:47, 16.09.2019

Алматы облысындағы апатқа байланысты мән-жайды баяндауға Ішкі істер министрлігінің өкілдері де дайын. Біз қазір Министрдің кеңесшісі және ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Оразбен тікелей байланысқа шықты.

Расымен де бұл жантүгершілік жол апаты. Өкінішке қарай адам шығыны бар? Өзіңізден соңғы әрі ресми ақпаратты білсек?

  1. Президент осы оқиға бойынша көңіл айтып, тергеу жұмыстарының басталғанын жазды. Іс қай бап бойынша тергеледі?
  2. Автобус жүргізушісі көз жұмғаны белгілі. Әлі қандай да бір кесімді пікір айтуға ерте екені белгілі. Дейтұрғанмен мұндайда кім жауапқа тартылуы мүмкін?

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ кеңесшісі

Алматы облысының Шамалған станциясында болған апатқа байланысты жедел штаб құрылды.

Осы оқиғаға байланысты Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, жедел желі іске қосылды. Қазір онда Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы жарақат алғандардың жағдайы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы Шамалған станциясында болған апатқа байланысты көңіл айтты.

Еліміздің бас көлік прокуратурасы Алматы облысындағы Шамалған станциясында болған апатты тергеуді өз бақылауына алды. «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы да өз сайтында болған оқиғаға қатысты хабарлама жариялады.

Шамалғандағы апат болған жерге жақын ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Жалпы, бұл жерге тұрғындар бұрын көпір салып беруді сұраған екен. Қазіргі уақытта Ақсеңгір-Шамалған бағытындағы теміржол қатынасы қайта ашылды.

Айта кетейік, Алматы облысының Шамалған станциясында қатты жүріп келе жатқан пойыз өз жолында тұрған жолаушылар автобусына соқтығысып, салдарынан автобус жүргізушісі қаза тапты.

Хабар 24 телеарнасы