389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теміржолдағы трагедия: ҚТЖ зардап шеккен келіншекке материалдық көмек көрсетеді

  • 238
  • UPD: 15:28, 16.09.2019
Теміржолдағы трагедия: ҚТЖ зардап шеккен келіншекке материалдық көмек көрсетеді tengrinews.kz

«Алматы – Қаскелең» бағытына қатынайтын автобуста жол апатына дейін 20 жолаушы болған.

Абырой болғанда олардың 16-сы автобустың артқы есігі арқылы сыртқа шығып, жан сақтап үлгерген. Тек автобус жүргізушісі мен 1986 жылы туған келіншек 3 және 5 жасар баласымен осы жазатайым жағдайдан зардап шегіп отыр. Алғашқысы оқиға орнында көз жұмғанын бұған дейін де айтқан едік. Ал түрлі дене жарақатын алған балалы әйел дереу Қарасай аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер әлі күнге олардың өмірі үшін күресіп жатыр.

Белгілі болғандай, Эльвира Жәнібекова темір жол саласында еңбек етеді екен. «Қазақстан темір жолы» мекемесі оған жан-жақты  материалдық көмек көрсетпек.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр журналистерге арналған баспасөз жиынында мәлімдеді. 

Хабар 24 телеарнасы