389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жолаушылар автобусы аударылып, кондуктор әйел көз жұмды

  • 254
  • UPD: 20:42, 16.09.2019
Шымкентте жолаушылар автобусы аударылып, кондуктор әйел көз жұмды inform.kz

Шымкентте ірі жол апаты болды. Таңғы уақытта Бәйтереков көшесі мен Астана даңғылының қиылысында жеңіл автокөлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қатты соққыдан қоғамдық көлік бүйіріне аударылып қалған. Салдарынан автобус кондукторы болып істеген әйел оқиға орнында көз жұмды. Тағы 13 адам түрлі дене жарақатын алған. Олардың үшеуі бала. Жапа шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.

Өткіржан Молдаханов, №1 қалалық клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі

Жансақтау бөлімінде жатқан орта жастағы әйел. Шамамен 39 жаста. Келіп түскен диагнозы бас-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, сол қолының жарақаттан кейін ампутация болуы. Жалпы саны 10 адам.

Әсел Сәденова, қалалық ПД басқарма басшысы:

- Автобус жүргізушісі жол ережесін ескермей, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп, «Тойота Камри» маркалы автокөлігімен соқтығысып аударылды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы