389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте 3 жасар бала кір жуатын машинаға қысылып қалды

  • 238
Шымкентте 3 жасар бала кір жуатын машинаға қысылып қалды inform.kz

Шымкентте 3 жасар бүлдіршіннің екі аяғы кір жуатын машинаға қысылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше Асар – 2 мөлтек ауданында болған. 2016 жылы туған бала ойнап жүріп, кір жуатын машинадан екі аяғын сыртқа шығара алмай қалған.

«Құтқарушылар темірді кесу қайшыларды қолдана отырып, кір жуғыш машинаның барабанынан баланың екі аяғын алып шықты. Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық» – делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы