389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Олимпиадалық даярлау орталығының басшысы төрт жылға бас бостандығынан айырылды

  • 183
Олимпиадалық даярлау орталығының басшысы төрт жылға бас бостандығынан айырылды sputniknews.kz

«Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директоры аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының» директоры Б.О. Мұқашевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол 2016-2018  жылдары іс жүзінде жұмыс істемейтін адамдарды заңсыз жұмыспен қамту және қызметкерлерге сыйақыларды негізсіз төлеу арқылы бюджет қаражатынан 21 млн жымқырды деген күдікке ілінген.

Мұқашев сотқа дейінгі тергеу сатысында келтірілген залалды толығымен өтеді.

16 қыркүйекте Нұр-Сұлтан  қаласындағы №2 Есіл аудандық сотының үкімімен Мұқашев бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Хабар 24 телеарнасы