389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында полицейлер мінген көлік жол апатына ұшырады

  • 264
  • UPD: 17:33, 18.09.2019
Атырау облысында полицейлер мінген көлік жол апатына ұшырады inform.kz

Атырау облысында 2 полиция офицері жол-көлік оқиғасынан зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Жол-көлік оқиғасы бүгін түске дейін Атырау-Орал тасжолында, облыс орталығынан 15 шақырым қашықтықта болған.

«Toyota Hilux» көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, «Volkswagen» маркалы патруль полициясының көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты болған жерде 2 полиция офицері мен «Toyota Hilux» жүргізушісі жарақат алды. Олардың барлығы облыстық ауруханаға жеткізілді.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиға орнында арнайы жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде.

Хабар 24 телеарнасы