Солтүстік Қазақстан облысында қатты жел көтеріліп, ағаштар құлады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тіпті Петропавлда жолдың жиегінде тұрған көлік орнынан қозғалып, көшенің ортасына шығып кеткен. Осындай видеолармен тұрғындар әлеуметтік желіде бірінен соң бірі бөлініп жатыр. Тағы да қалада ағаш автобусқа құлап, жол қозғалысына кедергі келтірді. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Ауа райының қолайсыздығынан облыс орталығының шеткі аудандары мен Бескөл ауылында жарық жоқ. Ол аумақтарда арнайы бригада жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің хабарлауынша, желдің екпіні 28 метрге дейін күшейген.