389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкент қаласының тұрғынынан 63 келі күміс әшекей бұйым тәркіленді

  • 277
  • UPD: 14:45, 20.09.2019
Шымкент қаласының тұрғынынан 63 келі күміс әшекей бұйым тәркіленді otyrar.kz

Шымкент қаласының тұрғынынан тәркіленген күміс зергерлік бұйымдар мемлекет кірісіне алынды, деп хабарлайды otyrar.kz

Шымкент қаласындағы Экономикалық тергеулер басқармасы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп жалпы сомасы 25 миллион теңге болатын 63 келі 825 грамм күміс әшекей бұйымдарды мемлекет кірісіне алды.

Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде Шымкент қаласының тұрғыны А. С.-дан контрабандалық күміс тәркіленді.

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен, азамат экономикалық контрабанда үшін кінәлі деп танылды (ҚР ҚК 234-бабы).

Сот шешімімен А. С-дан контрабандалық күмісті тәркілей отырып, шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Хабар 24 телеарнасы