389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореяда баланы көлікпен қаққан Қазақстан азаматына іздеу жарияланды

  • 250
  • UPD: 16:08, 20.09.2019

Оңтүстік Кореяның әділет министрі Чо Гук Қазақстан үкіметінен қылмыскерді ұстап, Кореяға экстрадициялауын сұрады.

16 қыркүйекте шамамен сағат түскі үш жарымда Чханвон қаласында төтенше оқиға болған. Есімі әлі жарияланбаған Қазақстан азаматы автокөлікпен баланы қағып кетті. Бастауыш мектептің жеті жасар оқушысы көшені өтіп жатқан болатын. Оқиға орнынан таса болған көлік жүргізуші келесі күні Өзбекстанға ұшып кетті. Ауыр жарақаттанған балаға басына операция жасалған. Оның әкесі ел Президентінен қаскөйді табуды өтінді. Жол апатына кінәлі кісі Кореяда заңсыз істеп жүргені белгілі. Елге турист ретінде келген онда автокөлік басқару куәлігі және сақтандыру полисі болмаған. Корея Республикасының әділет министрлігі Интерполға қылмыскерді ұстау жөнінде арызды тапсырды. Қазақстан мен Корея арасында экстрадиция жөнінде келісімге 2003 жылы қол қойылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы