389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баянауылдағы өртті тікұшақпен сөндіріп жатыр

  • 226
  • UPD: 10:54, 23.09.2019

Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық табиғи паркінің аумағында тұтанған өртті сөндіруге 90-ға жуық адам мен тікұшақтар жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«22 қыркүйек күні кешке Өскеменнен «Қазавиаорманқорғау» республикалық мекемесінен МИ-8 тікұшағы жетті. Ол өз жұмысына таңертеңгі жетіде кіріседі. Сондай-ақ ертең таңертең ауданға МИ-26 тікұшағы келетіні күтіледі», - деп мәлім етті Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Ведомство Баянауыл ауданы әкімдігінің ақпаратына сүйеніп хабарлауынша, ұлттық парк аумағына мамандандырылған 11 көлік: алты өрт сөндіру техникасы, үш ассенизатор көлік және үш МТЗ тракторы тартылған. Жалынмен күресті 90-ға жуық адам жүргізуде. Күндіз Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов тілсіз жауды ауыздықтау бойынша штаб құрды. Жағдай жөнінде вице-премьер Роман Склярға баяндалды.

«Сағат 23:00-дегі ахуал бойынша, өңір басшысы оқиға орнына аттанды. Павлодардан қосымша 4 техника жіберілгені мәлім етілді», - деді облыс әкімдігінен.

Хабар 24 телеарнасы