389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баянауылдағы өрт ауыздықталды

  • 194
Баянауылдағы өрт ауыздықталды

Аудандағы өрт шарпыған бес ауылдық округтің үшеуінде өрт толықтай сөндірілді.

Жапа шеккендер мен жарақаттанғандар жоқ, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Павлодар облысы әкімінің тапсырмасы бойынша құрылған штаб қызметкерлері өрт сөндіру жұмыстарының нәтижелері туралы айтып берді.

Қызыл от шарпыған үш ауылдық округте өрт толық сөндірілді, тағы да екі ауылда өрттің бетін қайтарды. Сонымен қатар, Баянауыл ұлттық табиғи паркінің тау бөктерлеріндегі өртті сөндіру жұмыстары да жүріп жатыр.

«Бұл орман-дала өртінің пайда болуына және сөндірушілерге бой алдырмауына өткен күндері ауданда ауа температурасының жоғары болуы және жылдамдығы секундына 20-24 метрге дейін жеткен желдің күшеюіне байланысты болды», – деді өңірлік ТЖ департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов.

Кешеден бері өртті сөндіруге 120 бірлік техника мен департаменттің жеке құрамы, ұлттық парк қызметкерлері, ерікті өрт сөндіру құрылымдарының өкілдері, барлығы  500 адам жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы