389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қаскелеңде әйелді тонап, зорлаған күдікті ұсталды

  • 194
  • UPD: 10:55, 23.09.2019

Алматы облысының тәртіп сақшылары 27 жастағы әйелді тонап, артынша зорлық қөрсеткен күдіктіні ұстады. Оқиға 19 қыркүйекте Қарасай ауданы Қаскелең ауылында болған.

Кешқұрым үйіне қайтып келе жатқан келіншекті белгісіз біреу  қорқытып, алтын сырғасы мен сақинасын және телефонын тартып алған. Артынша да жымысқы әрекетін жүзеге асырған. Полицейлер бір тәулік ішінде күдіктінің фотобейнесін жасап, 29 жастағы ауыл тұрғынын қамауға алды. Тексеріс кезінде оның үйінен айғақ заттар табылды. 

Атырауда жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 17 жастағы жасөспірімді көлік қағып кетті. Соққы салдарынан  жеткіншек оқиға орнында жан тәсілім еткен. Қайғылы жағдай  сыртқы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда «Тойота» және «Мерседес» маркалы автомобильдердің жылдамдықты асыра жүйткіп бара жатқаны көрсетілген. Қазір жүргізуші уақытша оқшаулау орталығына қамалып, оған қатысты сот алды тергеу амалдары басталды.   

Петропавл қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінде өрт шығып, 20 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Құтқарылғандардың 4-еуі жас бала. Сала мамандары қызыл жалынды аз уақытта сөндіріп, қауіптің бетін қайтарды. Өрт салдарынан пәтер иелерінің  дүние-мүліктері жарамсыз болып қалған. Қазір келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр.  

Алматы облысы Қарасай ауданының полицейлері есірткі саудасымен айналысқан адамды ұстады. Ол Іргелі ауылында 9 келі зиянды өскінді сату барысында қолға түскен.  Күдіктінің үйін тексеру кезінде тағы да 7,5 келі наша табылды. Аталған жағдай бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы