389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда бекіре балығын заңсыз тасыған күдікті ұсталды

  • 203
Ақтауда бекіре балығын заңсыз тасыған күдікті ұсталды

Ақтаулық табиғат қорғау полицейлері бекіре балығын заңсыз тасыған әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24»

20 қыркүйекте 7-шағын аудандағы үй ауласынан жеңіл көлік тоқтатылады. Жүк салғыш қорабын тексеру кезінде салмағы 70 келі болатын 20 дана балық табылған. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Аулауға және сақтауға заңмен тыйым салынған бекіренің қайдан алынғаны тексеріліп жатыр.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы