389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында «жеңгетайлықпен» айналысқандар ұсталды

  • 215
  • UPD: 10:50, 24.09.2019
Түркістан облысында «жеңгетайлықпен» айналысқандар ұсталды otyrar.kz

19-21 қыркүйек аралығында Түркістан облысы ПД-нің қызметкерлері «Стоп-траффик» республикалық жедел-іздестіру іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды otyrar.kz.

Негізгі мақсат – адам саудасына қатысты жайттардың алдын алу мен жолын кесу, жеңгетайлық және жезөкшелікпен айналысу үшін притондарға тосқауыл қою, адамдарға қатысты тағы да басқа құқық бұзушылықтарды болдырмау.

Аталған іс-шараны тиянақты өткізу барысында полицейлер облысымыздағы барлық қонақ үйлерді, сауналарды, моншаларды және басқа да орындарды, интернет-сайттарды, сондай-ақ күдік туғызған қызметтерді тегіс анықтау мақсатында тексеріп шықты.

«Стоп-траффик» жедел алдын алу іс-шараларының аясында облыс аумағында жеңгетайлық және жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастырудың 6 жайты тіркелді. Аталған жайттар бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жеңгетайлықпен айналысатын 5 тұлға мен 12 жеңілтек қызды есепке алды.

Мәселен, Сарыағаш ауданындағы «Стоп-траффик» жедел алдын алу іс-шарасы барысында, Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен Сарыағаш қаласының жергілікті тұрғыны ұсталды. Жергілікті қонақүйдің әкімшісі жеңіл жүрісті қыздарды қызметіне сыйақы ұсына отырып, жеңгетайлықпен айналысқан. Тәртіп сақшылары ұсталған күдіктіден ақша және басқа да айғақты заттар тәркіледі. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 309-бабы «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері ескертеді: егер сіз заңсыз адам саудасына және жеңгетайлыққа байланысты қылмыстың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда сіз тез арада «102» телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз. Бұл өз кезегінде қылмыскерді ізін суытпай ұстауға көмектеседі.

Хабар 24 телеарнасы