389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жүк көлігі автобуспен соқтығысты

  • 217
Елордада жүк көлігі автобуспен соқтығысты

Нұр-Сұлтанда жүк көлігі автобуспен соқтығысу салдарынан 20-дан аса ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Тengrinews.kz елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«23 қыркүйекте шамамен 15:00-де «Хова» маркалы жүк көлігін басқарған 1997 жылғы жүргізуші Байырқұм көшесі жағынан А-187 көшесімен қосалқы жолақпен келе жатып Мұстафа Кемал көшесінің қиылысында көлікке жол бермей, № 64 бағытта жүретін автобуспен соқтығысты», – делінген полиция хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан қоғамдық көліктің жүргізушісі мен жолаушылары зардап шекті. Қалалық ауруханаға жеткізілген 22 жолаушы медициналық көмектен кейін үйлеріне жіберілді. Автобус жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы