389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰҚК қару-жарақты заңсыз сатқан қылмыстық топты ұстады

  • 214
  • UPD: 14:35, 25.09.2019
ҰҚК қару-жарақты заңсыз сатқан қылмыстық топты ұстады

Ол туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«29 тамызда Қостанай облысы Рудный қалалық сотында жарамсыз қаруды ұрыс қаруына айналдыруға арналған шағын цех жасаған Д.Басакин мен А.Стенинге ұрыс қаруы мен жарылыс заттарын заңсыз сатқандары үшін үкім шығарылды» – делінген ведомоство ұсынған ақпаратта. 

Сотталушылар ҚР ҚК 287-бабы (қаруды, оқ-дәрілерді, ЖЗ және ЖҚ-ны заңсыз сатып алу, беру, өткізу, тасымалдау немесе алып жүру) және 291-бабы (қаруды, оқ-дәрілерді, ЖЗ және ЖҚ-ны ұрлау немесе қорқытып алу) бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әртүрлі жазалау мерзімдеріне сотталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың сәуірінде ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жоғарыда көрсетілген адамдарды салмағы 2 кг «аммонит» жарылғыш затын, сондай-ақ жауынгерлік пистолетті өткізу кезінде ұстау бойынша операция жүргізген болатын.

Хабар 24 телеарнасы