389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда үй өртеніп, 3 адам көз жұмды

  • 236
  • UPD: 10:28, 27.09.2019
Оралда үй өртеніп, 3 адам көз жұмды

Оралда оқыс оқиға.

27 қыркүйек күні түңгі сағат 02:46 шамасында өрт сөндіру қызметіне «Волна» баубақша бірлестігінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. 

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жеке үйдің отқа оранғанын көреді. 35 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалын таңғы сағат 06:15-те ауыздықталды. Сау-тамдығы қалмай жанып кеткен үйден 3 адамның мүрдесі табылды. Ол 1961 жылы туған ер адам. Әйел мен баланың жеке бас мәліметтері анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 14 маманы мен ТЖД 4 техникасы жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы