389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да заңсыз киік аулағандар ұсталды

  • 225
  • UPD: 13:05, 27.09.2019
БҚО-да заңсыз киік аулағандар ұсталды

Батыс Қазақстан облысында қызыл кітапқа енген жануар киіктерді заңсыз ату дерегі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар24»

Жаңақала және Қазталов ауданының шекарасында жүрген «Охотзоопром» қызметкерлері «Лада приора» жеңіл көлігін байқайды. Табиғат сақшыларын көріп, көзден таса болмаққа тырысқан күдіктілер айғақ заттарды жолшыбай тастай қашқан. Бірақ, алысқа ұзай алмапты. Қолға түскен екі ер адамның бірі Жұлдыз ауылының тұрғыны екені анықталды. Тінту кезінде олардан 17 дана киік мүйізі, тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, оқшантай, қол арасы мен пышақ тәркіленді. Айта кетерлігі, келесі күні дәл осы аумақтан тағы мүйіздері кесілген 20 киіктің өлексесі табылды.

Қазір аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалып, істің мән-жайы анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы