389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаудағы жұмыспен қамту басқармасының бөлім басшысы парамен ұсталды

  • 886
  • UPD: 16:40, 27.09.2019
Ақтаудағы жұмыспен қамту басқармасының бөлім басшысы парамен ұсталды

Ақтаудағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім бастығы 500 доллар парамен ұсталды.

Ол басқармада елімізге алыс-жақын мемлекеттерден жұмыс күшін тартумен шұғылданатын бөлімді басқарған. Өкілетті орган қызметкерлері күдіктіні бұлтартпас дәйектермен көшеде қолға түсірді. Тінту кезінде әрқайсы 100 долларлық бес шетел валютасы табылып, тәркіленіп алынды. Айыпталушы осы өңірге жұмыс жасауға келетін өзге елдердің азаматтарынан виза беру әрі оның мерзімін ұзарту үшін 500-ден 1000 долларға дейін ақша алып отырған деген күдік бар. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы