389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында шамадан тыс жүк тиеген көліктер айып тұрағына қойылды

  • 227
  • UPD: 18:00, 27.09.2019
Маңғыстау облысында шамадан тыс жүк тиеген көліктер айып тұрағына қойылды

Маңғыстау облысында шамадан тыс жүк тиеген көліктер айып тұрағына жабылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтағы департамент қызметкерлері автожолдарға рейд жүргізіп, жол бойында бірқатар заңсыздықты анықтады.

Қиыршық тас пен құм өндіретін карьерден шыққан көліктер жүк тасымалдау талабын өрескел бұзады екен. «Жетібай-Ақтау» тас жолында 25 тоннаға дейін жүк тасуға рұқсаты бар көліктер 40 тоннаға дейінгі жүкті артып алған. Мұндай деректер жуырда пайдалануға берілген «Шетпе-Жетібай» жолында да анықталған. Осының кесірінен жаңадан салынған жолдар бүлініп жатыр дейді мониторингтік топ өкілдері. Тексеру кезінде кей жүргізушілердің жүк тасуға рұқсат қағазы болмай шыққан. Енді заңды белден басқан осындай жүргізушілермен қатар карьер иелері де әкімшілік жазаға тартылады. 

Сәбит Жәкенов, ҚР СЖҚІҚ агенттігінің облыс бойынша департаменттің аса маңызды істер жөніндегі офицері:

- Аса нормамен алынған жүктер жаңа салынған асфальттарды бұзады. Сондықтан да мониторинг жүргізіліп, қазіргі таңда екі машина айыппұл тұрағына жабылды және хаттама толтырылды.

Хабар 24 телеарнасы