389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында мектеп директоры парамен ұсталды

  • 248
  • UPD: 19:40, 27.09.2019
Түркістан облысында мектеп директоры парамен ұсталды

Түркістан облысында мектеп директоры пара алып ұсталды. Білім ордасының басшысы тәрбиешіден жұмысқа аламын деп, 500 мың теңге сұраған.

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында айтылды. Жалпы қазір білім беру – жемқорлық деректері жиі кездесетін саланың біріне айналды. Мәселен, соңғы 3 жылда 433  заң бұзу фактісі тіркеліп, 250 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Статистика қылмысқа көбіне орта мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары баратынын көрсетіп отыр. Бұл мәліметтерді Білім және ғылым министрі де жоққа шығарып отырған жоқ. 

Асқат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та сайлауалды бағдарламада да, жолдауда да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тиісті тапсырмалар берді. Осы тапсырмалар бойынша біраз жұмыс жасалды. Білім  саласы тек ғана жемқорлықты болдырмау емес, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру керек. Алдымызда осындай 2 үлкен мақсат бар.

Хабар 24 телеарнасы