389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында тойда үш адамды пышақтаған күдікті ұсталды

  • 194
  • UPD: 23:54, 27.09.2019

Алматы облысында полицейлер үйлену тойында үш бірдей адамды пышақтаған күдіктіні ұстады. Оқиға Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы мейрамханада болған.

Той кезінде сөзге келіп қалғандар төбелес шығарып, арты шуға айналған. Күдікті Алакөл ауданының 18 жастағы тұрғыны. Ол қарсыласының өкпе тұсына пышақ салған. Сонымен бірге тағы екі адамды жарақаттап, із суытқан. Көп ұзамай полицейлердің қолына түсті. Тергеу барысында оның арнайы есепте тұрғаны анықталған.    

Ернар Сайділдин, облыстық ПД ресми өкілі:

- Күдіктіге қатысты ҚР қылмыстық кодестің 106 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған күдікті кәмелеттік жасқа толмаған кезінде де осындай қылмысы үшін сотты болған. Атап өтсек, ағымдағы жылы кәмелеттік жасқа толмағандармен 180ге жуық қылмыс тіркелген. Ол дегеніңіз былтырға қарағанда 10 пайызға төмен.

Хабар 24 телеарнасы