389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады

  • 275
  • UPD: 19:55, 28.09.2019
Алматы облысында оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады inform.kz

Алматы облысында 47 оқушыны Тамғалы шатқалына апара жатқан автобус аударылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол-көлік оқиғасы Жамбыл ауданындағы Қопа станциясының аумағында болған. Салдарынан 8 оқушы мен бір мұғалім түрлі жарақат алды. Олардың бесеуі жолдағы медициналық құтқару бекетінің арнайы көлігімен Ұзынағаш ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Қалғаны Дегерес ауылындағы медициналық мекемеде. Қазір оқиға орнында патрульдік полиция, төтенше жағдай және медицина қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша автобус жүргізушісі кедергіні айналып өтпек болып, жол жиегіне ауып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы