389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, 1 адам мерт болды

  • 187
  • UPD: 12:14, 30.09.2019
Қостанай облысында жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, 1 адам мерт болды media.az

Қостанай облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан 1 адам оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24.»

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс жағдай «Қостанай - Әулиекөл - Сұрған» тасжолында болған. Volkswagen Polo автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан ПАЗ автобусымен соқтығысып, салдарынан Volkswagen Polo жүргізушісі түрлі дене жарақатымен жақын жердегі аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілсе, жеңіл автокөліктің жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы