389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда өз қызына сексуалды қысым көрсеткен ер адам ұсталды

  • 196
  • UPD: 13:28, 30.09.2019
Павлодарда өз қызына сексуалды қысым көрсеткен ер адам ұсталды news.tut.by

Павлодарлық полицейлер 15 жастағы оқушы қызына сексуалды сипаттағы зорлық әрекет жасады деген күдікпен 35 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«27 қыркүйекте сағат 23.00 шамасында қаланың шетінде 2004 жылғы кәмелетке толмаған қызына қатысты сексуалды сипаттағы зорлық әрекеттер жасаған 35 жастағы Ақсу қаласының тұрғынын ұстады», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Кәмелетке толмаған оқушы емханаға түрлі жарақат белгілерімен жүгінген. Аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалған.

«Бұрын 2008 жылы ұсталған ер адам осыған ұқсас қылмысы үшін сотты болған. Осы үшін 8 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеген болатын», – деп хабарлайды департаменттен.

Хабар 24 телеарнасы