389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда құрылысшы биіктіктен құлап, ауыр жарақат алды

  • 179
  • UPD: 12:30, 30.09.2019
Қарағандыда құрылысшы биіктіктен құлап, ауыр жарақат алды vistanews.ru

Оқиға шаһардағы құрылыс алаңдарының бірінде болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонда жұмыс істеп жүрген ер адам жоғарыдан жерге емес, сол маңдағы қосалқы ғимараттың үстіне құлаған. Екі аяғынан бірдей ашық жарақат алған жігітті құлаған жерінен алып шығу да оңай болмаған. Оны 3 метрлік биіктіктен түсіруге құтқарушылар көмектескен. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы